Өлең, жыр, ақындар

Мағжан ақынға арнау

Өлеңінде арқау ғып сай қылдырып,
Көрмеген халық жайын жай қалдырып.
Мағжанды жырлап өтем сол себепті,
Өктем жырдың өзегіне айналдырып.

Мағжан кейде бұлт болып түйіле білген,
Озбырлыққа дәл солай күйіне білген.
Мен жастарға сенем деп ұрандатып.
Елім деген ерлерге сүйіне білген.

Мағжан ақын ақ жаңбыр жауатұғын,
Өлеңдері тамшы боп таматұғын.
Ашық болып өткенін қалап өтті,
Қазақ дейтін халықтың сауатының.

Күн болып болашаққа нұрын шашты,
Ізбасарлар ақынның ізін басты.
Дәл қазіргі Мағжанды жырлаған жас
Қопарары анық қой тау мен тасты.

Алаш десе ет жүрегі езілетін,
Жас десе жан жылуы сезілетін.
Мағжанның жырларынан рух алам,
Тұнығынан сусындап, сөз ілетін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз