Өлең, жыр, ақындар

Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі

  • 01.05.2018
  • 0
  • 1
  • 16349
(7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне орай Әкенің кішкентай ұлына тілегі)

Саған сенім артады Әкең де, Анаң,
Дей берсін сен туралы: «Ерке – балаң»,
Сондықтан күні ертеңгі мерекемен,
Сені де құттықтайды ертең Анаң.

Өмір жолдың көп десіп сынағы алда,
Анаң сені уатты жылағанда.
Әкең тұрды жаныңда сүйеніш боп,
Алғаш қадам басып сен құлағанда.

Көрінсе де өмір жол күндей бүгін,
Ұсынады ұлдарға ол білдей жүгін.
Сондай кезде үнемі айналсоқтап,
Әке-шешең жаныңда жүрмейді, ұлым.

Қанбасаң да балалық ойынына,
Жігіт шақтың туады айы мына.
Сол кезеңде өмірде сен де Әкеңнің,
Мінгеспейсің үнемі қайығына.

Өмір – айдын, қаратып өзгелерді,
Сен де баптап саласың өз кемеңді.
Өз кемеңнің боласың капитаны,
Қуу үшін арман жол – көздегенді.

Бозбалалық, жастықтың кештерінде,
Әкең солдат болып еді әскерінде.
Ат жалын тартып мінер шаққа келсең,
Сен де сарбаз боласың өскеніңде.

Балалықтың сол кезде бәрі қалып,
Туасың Отаныңның бағына анық.
Тұрасың жігіттердің қатарында,
Бейбіт күнді күзетіп қару алып.

Тұла бойың шомылып бата нұрға,
Өсіп келе жатырсың Отаныңда.
Қаз-қаз басып жүрсең де әлі, ұлым,
Ендігі сен де ұлдардың қатарында.

Келтіріп бір күні елдің берекесін,
Боларсың, бәлкім, сен де ел еркесі.
Анаңның құттықтауын қабыл алайық,
Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі!



Пікірлер (1)

АқЗияш

өте керемет өлеңдер екен мəн сағынасы бар

Пікір қалдырыңыз

Қыз сыры

  • 0
  • 0

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу сезімімнің ән боп самғаған арман күні -
Жолықтым саған.

Толық

Әке тілегі

  • 0
  • 0

Болған едім сырласың да, ақылшың,
Деуші ең әркез - Әке, қымбат, жақынсың.
Балдәуренің бойжетті де бір күнде,
Туған үйден ұзап бара жатырсың.

Толық

Түлек әні

  • 0
  • 0

Өмір легі міне өзгерді,
Бойға ыстық жалын тараған.
Қанат қағып ұшар кез келді
Қымбат, жақын мектеп-анадан.

Толық

Қарап көріңіз