Өлең, жыр, ақындар

Көз керген қазақ батыры

  • 07.05.2018
  • 0
  • 1
  • 9972
Көз керген қазақ батыры,
Алысқа кеткен дағбыры.
Хан Кенедей ер қайда,
Шейіт боп кеткен тағдыры!?
Өлшеулі күні біткен соң,
Алладан ажал жеткен соң,
Кәпір салған тұзаққа
Ілініп бір кеткен соң,
Қош - қош айтып еліне,
Самалды шалқар көліне,
Құбақан сағым беліне,
Иманын тілеп алладан,
Көзден таса ақыры.
Наурызбай төре ер еді,
Өн бойы өнер сері еді,
Көпірмен сансыз шайқас сап,
Дәл ортада айқасып,
Бекерге өлем демеді.
Күркіреп солар тұрғанда
Қазақты жау жеңбеді.
Хан Кене кетті арадан,
Орысқа қазақ қараған.
Шұбыртпалы Ағыбай,
Тобықтыдан Құнанбай,
Байсейіт пен Жанғұтты,
Дүйсенбай мен
Қоңыр жүр
Тілеп жәрдем алладан.
Басқа амалы қалмаған,
Нысапсыз екен бұл кәпір,
Жеріңді алды, малды алды,
Пәлесі жоқ салмаған,
Қайысады қабырғаң
Көтере алмай салмағын.



Пікірлер (1)

Акбота

осындай акиык акындар коп жане 21 гасырда да пайда болып кобиып казак елынын данкын шыгара беруын Алла насип етсин

Пікір қалдырыңыз

Қаракесек

  • 0
  • 3

Бастайын «бисмилла» деп сөздің басын,
Тарихтың аударайын біраз тасын.
Кешегі үлкендердің сөзі еді,
Ендігі кішілерге мұра қалсын.

Толық

Жаман мен жақсы

  • 0
  • 1

Әйелдің бір мінезі аюға ұқсайды,
Ақырып ер бетінен алғаннан соң.
Тағы бір мінезі маймылға ұқсайды,
Ыржыңдап әркімменен күлгеннен соң.

Толық

"Жиырма бес" әні

  • 0
  • 3

Сауған мен жалғыз сиыр іркіт болмас,
Өнерді бойға біткен іркіп болмас.
Мысалы, әр нәрсенің бәрі сондай,
Қаңқылдап қара қарға бүркіт болмас.

Толық

Қарап көріңіз