Өлең, жыр, ақындар

Қаракесек

  • 07.05.2018
  • 0
  • 3
  • 11477
Бастайын «бисмилла» деп сөздің басын,
Тарихтың аударайын біраз тасын.
Кешегі үлкендердің сөзі еді,
Ендігі кішілерге мұра қалсын.
Сағым сел, сансыз көлді, жері —
Арқа, Ел жайлап Сары Арқа толған малға.
Құба жон мекен еткен үш арыс ел,
Жоқ еді зәрулігі малға - жанға.
Бір хақтың билігінде кім туады,
Кіндік кесіп, кіріңді кім жуады.
Біреудің баласы еді үш ел басы,
Белгілі әлімсақтан шынтуайты.
Тараған Жаңа арыстан жалпақ
Арғын, Қоңырат, Қыпшақ,
Найман, Керей бар.
Уақты, басқасын да қоя тұрып,
Арғынның сөз етейін біраз халқын.
Арғыннан туады екен Қара қожа,
Онан соңғы Ақжолды дейді мырза.
Ақжолдың жеті ұл туды тоқалынан,
Біртіндеп таратайын болсаң ырза.
Қақтығыс бола кеткен жайдан - жайға,
Ағайын өкпелескен қотыр тайға.
Қораға сонда Болат жүгіреді,
Сол жерде істемекке амал-айла.
Қораны соққан екен қара шымнан,
Ер Болат қорқар емес қуғыншыдан.
Жалма-жан қара шымды қолына алып,
Қуғыншы ағаларын шыммен ұрған.
Қораға қуғындар да жуықтайды,
Болат та шыммен ұрып жуытпайды,
Жылқыға ие болып Қамбар тұрды,
Көрсетті коп қайратты Шұбыртпалы.
Түс ауып, кешке дейін болды жанжал,
Қылады кімге опа дүние мен мал.
Дәл тиіп лақтырылған бір кесектен,
Бет-аузы Қуандықтың болды дал - дәл.
Бола ма төбелесте ешбір есеп,
Тұра ма «ұра бер» деп арқа төсеп.
Қолына ұстағаны қару емес,
Қораны қалаған шым — қаракесек.
Ер Болат бір кесекті қате алыпты,
Оқыста бауырына тақалыпты.
Ағасын қара шыммен ұрып жығып,
Сондықтан Қаракесек атаныпты.
Қан бірге, қайда барады, болды бітім,
Тай сойып Қуандыққа, етті күтім.
Баласы бір әкенің — намыс бірге,
Намысын бермей келеді, сырты бүтін.
Алланың жебеуімен өскен халық,
Қамбар мен Шұбыртпалы бірге қалып.
Ұрпағы екеуінің күні бүгін ішінде
Қаракесек жүргені анық.



Пікірлер (3)

Anel

Оте керемет жазылган маган катты унады жаксы☆♡!

Айым Шадиярбек

Маганда унады. Биз осы такырыпты окып жатканбыз

Дильназ

Өте жақсы айтқан біз осы тақырыпты өтіп жатқанбыз

Пікір қалдырыңыз

Дария құйсаң толар ма?..

  • 0
  • 2

Дария құйсаң толар ма?..
Сүмбіле туып күн болмай,
Көкрай шалғын болар ма?..
Кәрілік пенен мінезге

Толық

Шортанбай мен Шөже айтысынан

  • 0
  • 0

Әй, Шөже, ғибрат қып сөз айтайық,
Бос мақтан, пәни сөзін аз айтайық.
«Сен жеңдің, мен жөнді» — еш пайда жоқ,
Тілейік мұсылманның амандығын,

Толық

Ақжолтай батыр

  • 0
  • 0

Атақты ер Ағыбай Шұбыртпалы,
Белгілі сарбаздарын шұбыртқаны.
Ағыбай, Қошқарбай мен ер Бұхарбай,
Бұларды соңына ерткен Кене ханы.

Толық

Қарап көріңіз