Өлең, жыр, ақындар

Шаршадым

  • 13.05.2018
  • 0
  • 1
  • 2138
Сараласа,
Пенде, нақты – аңдаса,
«Бәрі жақсы»,
Тек – «жаралы- қалмаса»
Өлім құны,
Cонша, ауыр - болмаса,
Өмір мәні, тым – арзандар
ДАЛБАСА...

Ауған шақта,
Жанарыңа мұнар шақ,
Тұманынан
Сұрау іздеп, күн - аңсап
Өмір – өлім, қатар туған, қос құлын,
Ай мен Күндік
Аралығы тым алшақ...

Кездесудің,
Қоштасуы, бар, анық,
Жан береміз, сүйген үшін, жан алып
Жаратқаным
Кешірімді, болсада,
Кешірмейміз, ет – сүйектен, жаралып...

Жұбатпаймыз,
Танымасақ, "әрменде"...
Не қыламыз,
Алла берген, пәрменге?!
Жеңілісі – жеңісімен
Тетелес,
Өз мұңына, өзі куә, әр пенде...

«Іштей жылап сырт күлуі» баршаның,
Мен - Ханзада
Болсам, игі,
Ханша кім?
Ләйлі – Мәжнүн
Махаббаты баянды,
Мен баянсыз, тірлігімнен, шаршадым...



Пікірлер (1)

аяна

мен соңғы кездері шаршап жүрмін ,МЫСАЛЫ КЕЙДЕ МЫНА ӘЛЕМДЕ ЖОҚ БОЛСАМ ДИМН ,Ешкім мені түсінгісі келмиді,Тек сен сөйлеме қойшы диді ,ал бірақ олар мені ойлайма соны ойлаудан негізі денім сау Аллаға шүкір ,сондада бірдене жетіспиді ,эхх я просто устала

Пікір қалдырыңыз

Жақында осы

  • 0
  • 0

Жақында осы моргке кірдім,
Сұлқ күйі жатқан өлікті көрдім.
Жанары ашық қалыпты күйі,
Сипалай жаптым өліктің бетін.

Толық

Екінші хат

  • 0
  • 0

Дəке досым,
жүрсің бе мал-жан есен?!
Өткендегі пəтерден таңда көшем.
Жалдағаны құрысын жəутеңдеумен,

Толық

Айна алдында

  • 0
  • 0

Айна алдында,
Отырмын – Бетпердесіз,
«Өзгергенсің» - дейсің бе? Өткенде – Сіз...
Бүгін – Қалай?- «Сүйемін» - деп айтасыз,

Толық

Қарап көріңіз