Темірханның Майясына

  • Maika
  • 16.05.2018
  • 0
  • 0
  • 89
Темірханның Майясына

Майя қыз:
Көңілің сенің көктем гүлі!
Өзіңде гүл,жаңа ашылған көктемдегі.
Сүйкімдісің,ақылдысың,ибалысың!
Əлемнің сегізінші кереметі.

Майя қыз:
Жаның жайсаң-жансың сен,арман болған!
Жаратылған жаның сенің таза нұрдан.
Көзің айдай,сөзің балдай-жүрегі кең,
Нар тұлғасың-əлемде дара туған.

Майя қыз:
Махаббатың сезімің шын!
Бақыттың тартылмайтын аралысың.
Майя қыз білесің бе кейде сенен??
Тыныштық сырласқан да табамын шын.

Майя қыз:
Біздерді тағдыр қосқан!
Дос қылып жасымызға қарамастан.
Майя қыз кейде сені ренжіттім де,
Сезіміңді көріп тұрып бағынбастан.

Майя қыз:
Сонда да сен,кері кетіп бұрылмадың!
Қуантады қиналған да табылғаның.
Айналайын сені тапқан анаңнан мен,
Шүкір етем,сендей достың барына мың.

Майя қыз;
Теңер едім сені аспанға!
Аспандағы айда сенің,жұлдыздар да.
Көктегі періште де өзің дер-ем,
Жердегі қолың жетпес мұнара да.

Авторы: Мейіржан Тұрғанов.

Басқа да өлеңдері

Қош келдің.. қасиетті ай, Рамазан !

  • 0
  • 2

Қош келдің, нұр шашқан-ай, Рамазан.
Көңілдерге шуақ сыйлап,құлпырған.
Тәубелер қабыл болар бұл-айда,
Қол жайып дұға қылса-мұсылман.

Толық

Ұятты болу - ұят болып барады

  • 0
  • 0

Парыздығын біліп тұрып - "хиджабтың"!
Қарындасым, тағы келіп жын-бақтың.
Орануға асықпасаң сен бүгін,
Отынына айналасың - "тозақтың"...

Толық

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)