Алаштың Мағжаны

Ол – Күн ұлы, көзінде Күн нұры бар,
Ата-баба өсиеті, үні бар.
Азаттықты армандап-ақ кетті ғой,
Білем, бірақ мәңгі жасайд ұлылар!

Бүгін міне орындалды арманың,
Болашаққа сеніп өткен арланым.
Көм қиындық шеккен мына елімнің
Мақтан етем тәуелсіздік алғанын!

Алаш туын желбіреткен ардақты,
Халық қамын ойлап жүрді жан-жақты.
Болашақтың бірге жасап қадамын,
Дос етті ғой талай ақын, саңлақты.

Заңғар таудай рухы биік асқарлы,
Білімге де жетеледі жастарды.
Сенім артқан қазағымның бүгіні
Оның міне арқасында жақсарды.

Қалай қиды? Қысқа болды ғұмыры,
Қымбат п(а) еді ақындықтың тұғыры?
Халықшыл боп аямады өз жанын,
Жүрегінде мәңгі Алаш ұғымы.

Жарты ғасыр уақыттан соң ақталды,
Өлеңдері қайта жанып, жатталды.
Тыйым салып қойса дағы оқуға,
Еңбектері өлместей боп сақталды.

Мақтанышы барлық Түркі жұртының,
Қиын емес тану ғажап мүсінін.
Мағжан деген алдаспаны Алаштың,
Жігер-күшін біріктірген ұлтының.

Сыршыл ақын кең сермеген қанатын,
Жүрегі бар оның оттай жанатын.
Ол – Күн ұлы, көзінде Күн нұры бар,
Мәңгілікке ел жадында қалатын!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)