Мен – болашақ мемлекеттік қызметкер

Ойлап тұрып туған елдің жағдайын,
Білесіз бе? Армандаймын таң сайын:
Мен боламын мемлекеттік қызметкер,
Бар халқыма адал болар әрдайым!

Жауапты боп әрбір еткен ісіме,
Көмек беріп келген барлық кісіге.
Елім үшін еңбек етем аянбай,
Сыйлы болып бірдей үлкен-кішіге.

Бұл өмірде осы үшін жаралдым,
Қабілеті шексіз, білем, санамның.
Атақ-даңқтың не қажеті болады,
Қатарынан болмаған соң адамның?

Адам болып қалу – мақсат бірінші,
Болсам дағы қарапайым тігінші.
Ал екінші – адал болу халқыма,
Жақсылықты ұран ету – үшінші.

Үмітім бар мәңгі өшпес, нық сенер,
Сенімділік өзгелерден мықт(ы) етер.
Рухы биік, қажымастай ешқашан,
Мен – болашақ мемлекеттік қызметкер!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)