Өлең, жыр, ақындар

Махамбетке арнау

Махамбет қазағым ның батыры еді,
Саңлағы еді, дауылпаз ақыны еді.
Сол қаһарыман батырлар арқасында,
Күннен күнге көркейіп жатыр елі.

Орақ ауыз,от тілді дүлдүліміз,
Исатайдың жолдасы,үздігіміз.
Отқа жанып,елі үшін суға түскен,
Ұмытпаймыз ақынды бұл күні біз.

Ол бастаған шаруалар көтерілісін,
Деп ойлаған,қазағым көтерілсін.
Асыл сөзді теңдессіз батырым-ау,
Əділетсіздің арқанын кесер ісің.

Туылып өмір бағын араладың,
Ақын боп өнер жағын жағаладың,
Еңіреген елім деп есіл ерім,
Қорғадың сен халқыңды бағаладың.

Жарқылда ған майданда қылыштаиын,
Төзімді едің оқ өтпес қурыштаиын.
Тəні таза,жаны пəк болғандықтан,
Махшарда да оиламас еш уайым.

Ақынға арнап əрқашан жыр ұштаимыз.
Ата-баба дəстүрін біз ұстаимыз.
Ұшқыр ойлы,нар тулға Махамбеттеи,
Елардағын ешқашан Ұмытпаймыз.

Қалықтаған аспанда сұңқарымыз,
Жауға шапқан арғымақ,тұлпарымыз.
Ел-жұртына арнаған бар өмірін,
Махамбеттеи батырдың ұрпағымыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жыр арқаұы Астана

  • 0
  • 0

Астана жарық жұлдыз қалам менің,
Қазақстан кең-байтақ далам менің.
Он үш жылда салынған астанамыз,
Жирма жылда тəж киген бас қаламыз.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар