сайыс
ozgetil.kz

Анаға арнау

Мейірімін төккен маған,
Аман жүрсін анам.
Шуағын шашқан әрқашан,
Дерт көрмесін жан анам.

Алыс кетсем анамнан,
Кеткен деймін панамнан,
Күлгені неткен әдемі,
Тамағы неткен дәмді еді.

Мейірімін маған төккен,
Көңілін маған бөлген.
Адамдардың барлығы,
Ананы жақсы көрген.

Тоғыз ай көтеріп мені,
Дүниеден орын берген.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік тербеткен.

Баланың көңілі далада,
Ананың көңілі балада.
Аналардың бәрі де,
Аман жүрсін әлемде.


Басқа да өлеңдері

Ынтымағы жарасқан ел

  • 0
  • 0

Тату -тәтті болайық,
Шырқап әнді салайық.
Ынтымағы жарасқан,
Қазақ елі болайық.

Толық

Абайға арнау

  • 1
  • 0

Абай ақын қазақтың мақтанышы,
Ел сыйлаған даналардың данасы.
Өлеңдері үйретеді ғылымды,
Қара сөзі ойландырар адамды.

Толық

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)