Ана-өмір тірегі!

Аналар бұл өмірдің нұрысыңдар,
Аналар ақ тілектің жырысыңдар,
Бұл өмірдің мәні мәңгі аналар,
Бұл өмірдің сәні мәңгі даналар.
Жүрегіммен жыр арнаймын төгіліп,
Кереметін жазу үшін жыр қылып,
Ана- деген асыл жан ғой аяулы,
Мейірімі оның нұр сәулеге толулы.
Талай ақын жыр арнаған анаға,
Жылу берер ақыл менен санаға!
Аналарға-арналған әр бір өлеңім,
Шабытыма шабыт қосар жыр-әнім.
Анашым, тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Бүгін сіз қамықпаңыз біздер үшін,
Әр балаң өсер ертең болып жүлдең!
Анашым, тірегімнің көңіліме,
Нұр сәуле шашатұғын жүрегім,
Аналар мәңгі бақи өмір сүрсін,
Баласы бұлбұл жанып күліп жүрсін!
Ананың-сезімі ол махаббат!
Шашатын жүрегіме шапағат
Бұл өмірде ана сөзі ғаламат,
Ардақтап өтейікші бағалап!
Аналарға арналатын бір тілек,
Сәбилерін жүрсінші нұрға бөлеп,
Бала үшін ана мейірімі бір бөлек,
Әр бір адам сыйлап өтсін қастерлеп!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)