сайыс
ozgetil.kz

Астана!

Бақ қалам менің, Астанам менің, жас қала,
Екіге бөліп, Есілдің суы бұл дала,
Жар салып айтып, атыңды жұрттың шаттана,
Көтеріп жүр ғой даңқыңды халқым мақтана!
Арқау болып, Астанам менің шабытыма,
Жиырма жыл болды Ақмола Астана болғанына,
Әлем жұрты өзіңе қарап таң қалуда!
Балаймын сені Қазақтың мен бақытына!
Ұлан ғайыр Сарыарқаның жерінде,
Желбіреп туың Ақ Орданың көгінде,
Шарықтап дамып, ілгері болған әр кезде,
Ел жоқ сендей Қазаққа сірә, бүгінде.
Гүлденіп төрің, Есілдің желі сені есіп,
Батырлар өткен талайы жаумен күресіп,
Құлпырып көркің, көңілдің ашып сарайын
Бұл күнде тұр ғой мұнараң көкпен тіресіп!
Орын алып, бүгінде дүние жүзінен,
Нұр аға болды, көш бастап Абылай ізімен,
Жалғастарып, ата-баба көшімен
Биік ұстап, шаңырағын ел ішінен!
Самұрық қонып бәйтеректің биігіне,
Символы болып Астананың дәл төрінде,
Аңыз болып айтылған бұл ертегіде,
Тұр ғой жанып қазіргі Астана келбетінде!
Мәртебең өсіп, әр сәт сайын гүлденесің,
Жадым арнап өзіңе жырды мен бүгін.
Асқақтап асып, әлемге дүркін танылдың,
Жүрегі болып Қазақ деген ұлы елдің!


Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)