сайыс
ozgetil.kz

Есірткіге жол жоқ!

Бесіктен белі шықпай бүгінгі ұрпақ,
Есірткіге құмар болды, сірә анық,
Осылай кете берсе жастарымыз,
Қазақтың келешегі не болмақ?
Есірткі өміріңді қор қылады,
Ел алдында жігерің құм болады.
Ей, жастары қазақтың бетке ұстар,
Ертеңің шын мәнінде не болады?
Ата-ана, туысты ойлау керек,
Өмірде олардың орны бөлек,
Нашақор боп, атына кір келтірмей,
Алақанға салып мәңгі сыйлау керек!
Денсаулықты ең бірінші құртады,
Түрлі ауру ел арасында таратады,
Соның бірі СПИД деген ауру-дерт
Әлемің мәсәлесі осы індет.

Барша елде болып жатыр,
Есірткіге қарсы күрес,
Бүгінгі жас ақындардың
Жыры болсын қосқан үлес!
Салауатты өмір салтын сақтайық,
Денсаулықтың қадірін бағалайық!
Ашық аспан астында күліп, ойнап,
Жақсы әдет, жақсы жолға бет бұрайық!


Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)