Жүрегі менен жүрегім


Бұл не сұрақ, мазалаған жанымды?
Бұл қандай күш, буырлатқан қанымды?
Түсініксіз беймаза келген бұл сұрақ
Кең маңдайға тағдырым қалай жазылды?

Себепсіз келген сұрақтың таппай жауабын
Уайымның түсіп торына шектім азабын
Мені іздеген, мен күткен жан сол ма деп?
Санамда бұққан сауалдан әбден тозамын.

Тағдырым болса көнуден өзге шара жоқ
Бақытым болса одан асқан пана жоқ
Бақытсыздықтан сақтай гөр Алла!
Сақтай гөр!
Пендеңе мендей өмірде қатаң жаза жоқ.

Мақұл, көнермін
Жүрегімнің кілтін беріп қолына!
Өкінбеспін бақытым болса оңына
Құлпын бұзып ішіне жылу толтырса
Құрбан ғып өтем өзімді оның жолына.

Сұрақсыз жауап табылмас анық білемін
Жауабы қандай не дейсің, қане жүрегім
Тауыспай төзім сырыңды енді білгізгін
Бір бүтін бе екен, жүрегі менен жүрегім

Бір бүтін бе екен?
Жүрегі менен жүрегім!



Басқа да өлеңдері

Жүрегім күт мені

  • 0
  • 1

Жүрегім неге ауырдың?!
Жырлар бар жазбаған қаншама,
Сырлар бар ашпаған баршаға.
Су ішкін бойыма тарағын,

Толық

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)