Өлең, жыр, ақындар

Өмір

Өмір

Көп түрлі күйге түскіш көңіл неткен,
Тағдыр бізді сан түрлі өмірлі еткен.
Өтірік, шындық, адал, арам істің
Жандар бар жағаласып желінде өткен.

Бірі дана,ал, бірі дараланған
Ал, сынақ кейбіреуді қамап алған.
Бақыт қой, дүниенің сарайына
Біліммен кірпіш болып қалана алған.

Өмірде көсем де бар, шешен де бар
Ес біліп, етек жимас есер де бар.
Ақыл-білім жолымен жүргендердің
Жолында түрлі сынақ, кесел де бар.

Ақын боп кейбір жандар жыр жалғаған,
Батыр боп кейбіреуі ел қорғаған.
Сөйтсе де, бұл өмірде бұлардың да
Қызығы-қиындығы тең болмаған.

Достығы қастығы да қатар болған
Бұл өмір сабылған бір сапар болған.
Барлығы бірдей болып кетпесе де
Жарлығы жаратқанның қатар қонған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз