Өлең, жыр, ақындар

Өтіп кеткен өмірі

Көкейіңді ақша тесті ме!
Бей дəрия дəурен көштіме!
Артыңда қалған ұрпаққа,
Артықтау салмақ естіңбе!

Өмірді сүріпсің өзінше,
Сексенге жасың келгенше!
Дүние жинап оң - солды,
Тараттым дедің өлгенше!

Ұлыма бердім пәленше,
Жиенге бөлдім түгенше,
Қыздарды түгелдей төркіндеп,
Немере өсіп - өнгенше!

Балаңды жаман қып өсектеп,
Келінді туралап кесектеп,
Біздің үй жаққа келуші-ең,
Сүйенер таяқты жетектеп!

Іс - шықса ағайын тума деп,
Əулетке талай жүгірдің,
Бір бата сұрасаң тіл шықпай,
Үндемей ғана бұрылдың!

Бір ауыз сөздің батасын,
Беруге қимай жатырсын!
Батаңды бермесең өзіңе ал!
Бір Алла берер батасын!

Сол дəурен кезің өттіма,
Дүние дүрбелең етті ма!
Төсекте жатырсын ендігі,
Түскендей бейшара - мықтыға!
Ендігі дəурен келгенбе? !
Келін мен бала күшті деп!
Баяғы тума кеткенбе? !
Өлерде келмеңдер кетің деп!

Бауырың жалғыз өмірде,
Оны да жатырсың көрместей,
Жаназа шығатын билетін,
Жіберемін деп өлгенде!

Ақшаңда ауыздан тастамай,
Жинадым өлдім - тердім деп!
Бір ауыз Алланы бастамай,
Жатырсың бəріне көндім деп!

Құдіреті күшті Алладан!
Һайырын берсін береке,
Тек игі тілейміз біз тума,
Періштең болсын қолдаған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалған

  • 0
  • 0

Жалғандықтан арылмай жаным жүдеп,
Жақсы пенде іздеп - ем, артығым деп!
Жақын тартып қалдымба, ашық көңіл,
Мен тəкəпар болайын , өр көкірек!

Толық

Қарап көріңіз