Өлең, жыр, ақындар

Жұрттың сөзі-далбаса!

Сыртыңнан күліп жүретін,
Жыласаң іштей күлетін.
Осындай жандар көбейді,
Өмірді жалған сүретін.

Тырнақтан кірді іздейді,
Керек кезінде "сіз" дейді.
Шүкірлік етпей барына,
Жылтырақ затты көздейді.

Мəн бермей сенің сөзіңе,
Қарайтын тура көзіңе.
Сөйлеген сөзі ұқсайды,
Пышақтың өткір жүзіне.

Жамандық саған ойлайды,
Олжалы болмай қоймайды.
Əділдік жағын қорғамай,
Əділетсіз жолды қорғайды.

Білгішсініп сайрайды,
Қайраққа тілін қайрайды.
Білсеңіз қазір елімді,
Осындай жандар жайлайды.

"Жаман" деп сені күндейді,
Жанымыз сонда күйрейді.
Жебейтін мені періштем:
"Өмірді қəне сүр! " дейді.

Мойныңа сенің жармаса
Қайғы тілеп қарғаса.
Есіңе алғың мынаны:
Жұрттың сөзі-далбаса!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Атама деген сағыныш

  • 0
  • 0

Ақынға қара сөзден өлең оңай,
Деуші еді ақындарың талай-талай.
Бойымды шабыт кернеп тұрса егер
Қой деймін шабытыма енді қалай?

Толық

Бай болу мақсат емес!

  • 0
  • 1

Бір күні жігіт келді данышпанға,
Мықты өзі ұқсайтындай арыстанға.
Арманын аңқау жігіт айтты былай:
Болам қалай дəулетті,табысты аға?

Толық

Ақшаның буы

  • 0
  • 0

Отанын сатқан опасыз жандар көбейді,
Елімнің жолын осылар неге бөгейді.
Қарапайым халықты мынау арсыздар,
Қайдағы жоқ нəрсеге неге теңейді.

Толық

Қарап көріңіз