Өлең, жыр, ақындар

Әуре сый, көлденең сый...

  • 03.07.2018
  • 0
  • 1
  • 3632
А. С. Пушкиннен аударма

Әуре сый, көлденең сый, өмірім сен,
Әуелде не үшін маған беріліп ең?
Сыры көп сұм тағдырдың бұйрығымен
Неліктен бұйырылдың өлімге сен?
Өзімді күштеп салып ештігіне,
Жоқ жерден мені шақырып келтірген кім?
Толтырып құмарлықты көңіліме,
Отымен ойымды ертеп күдіктердің?
Жүрегім қуыс, тіпті түк жоқ ойда,
Алдымда медеу қылар мұратым жоқ.
Өмірдің бір дауысты шулауында
Қажыдым, шер шаршатып, қуатым жоқ,



Пікірлер (1)

сельма

адеми

Пікір қалдырыңыз

Патима!

  • 0
  • 1

Патима, жаным, Патима!
Жалғызбын деп, қуанышым,
Неге жаздың хатыңа?
Батты жанға сол сөзің,

Толық

Қара бұлт

  • 0
  • 0

Дауылдың қуғынынан қалған бұлт!
Сен ғана ашық көкте жүрсің жылжып.
Сен ғана қайғы жауып көлеңке еткен
Сен ғана шаттық күнді кірбендеткен.

Толық

«Россия тарихын» жазушыға

  • 0
  • 0

Тарихы оның тым көркем, түсінікті,
Бізге әбден керек деп дәлелдепті:
Заңсыз залым патша жұрт билеуін,
Болуын қолындағы қамшы мықты.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар