Өлең, жыр, ақындар

Жаз

  • 12.07.2018
  • 0
  • 4
  • 10476
I

Жарқырады жаңа жаз,
Сапырылды қыр, дала.
Дабыл, даң - дұң айнала,
Қырға қонды қалың қаз.
Екпінді ескек лапылдап,
Шашты жалын мұз, қарға.
Ақтарылды ұлы арна
Таудан тасқын сарқырап.
Далада ұлы төңкеріс,
Дала қайта жасалды.
Қуарған қыр жасарды,
Дала майдан, үлкен іс.
II
Жаз дегенім - жаз емес,
Жаз дегенім - жаңа өмір.
Қырда қиқу - трактор,
Қырға қонған қаз емес.
Жел дегенім - жел емес,
Жел - еңбектің екпіні.
Тасқын - жұмыс текпіні,
Сең дегенім - сең емес.
Социалдық бұл жазда
Тасыды ауыл өзендей.
Жау жапырып, бөгелмей,
Құяды ауыл колхозға!

1934 жыл



Пікірлер (4)

салтанат

алты ай қыстай ауырып
қыс кысты жер шешені
жайнан какты жаз келді
жаз жайдары жаз сері

Ілияс Жансүгіров

У өлең

Бекзат

Жаз - Ілияс Жансүгіров

Аяжан

Ілияс Жансүгіровтың Жаз өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Көдек өлеңі

  • 0
  • 0

Жаралып неше түрлі қылым кетті,
Бөлініп өз табына ру кетті.
Жуандар нашарларды нанша жаншып,
Біреудің біреу алдап пұлын жепті.

Толық

Маңым

  • 1
  • 3

Жақсыға айтып базына,
Көңіл тілім сарнайды.
Қайғы сызға сөйлесең,
Еш құлағын салмайды.

Толық

Қос қарға

  • 0
  • 0

Қарғаға қарға жақындап,
Қарғаға қарға қарқылдайт:
«Қарға-ау, бізге жем бар ма?
Жемді көрер жер бар ма?»

Толық

Қарап көріңіз