Өлең, жыр, ақындар

Алдымда суретің тұр ойнаңдаған

  • 12.07.2018
  • 0
  • 1
  • 5007
А, жаным, жүр екенсің әлдеқайда?
Құйын ба, әлде көңілін, әлде жай ма?
Алысқа сенен ұзап жүріп кеттім,
Ойлаймын көрермін деп бірер айда...
* * *
Мінеки, мен келемін ұзын жолда...
Көк жасыл көркем сурет оңда, солда.
Көңілімді мұның бірі уламайды,
Ұзын жол, Мәскеу, Баку, Орынбор да.
***
Мінеки, келатқаным Қапказ жолы,
Пәселке, қалың ағаш, жері — соңы.
Бәріне зауқым жоқ, көңілім быж-тыж,
Сықылды табылмаған жүрек жолы.
* * *
Саяхат сияқты емес бұл жүрісім,
Болғаны дерт сияқты бір сен үшін.
Ташкенде қайтарымда көрсем деген
Сол енді бар үмітім, бар тынысым
* * *
Сағындым сені көрмей айдан бері
Жүдедім ойлай-ойлай жоқтап сені.
Бәрінен Тәшкен тартып тұрған сынды,
Асығып сол қалаға қайтам енді.
Кезінде келсем екен жайраңдаған,
Көзіңді көрсем екен жайнаңдаған.
Көз жанып, қос бетіңнен нұрың тамып.
Алдымда суретің тұр ойнаңдаған.



Пікірлер (1)

Акерке Ашим

Негізі анау аитқандаи жақсы өлен емес екен. Бірақ болады

Пікір қалдырыңыз

Еркетай қоңыр жел

  • 0
  • 0

Еркетай қоңыр жел,
Еркеме соқсаң егерде,
Күрсінгендей сыбырла,
— Кімдікі десе, — үндеме...

Толық

Цыгандар

  • 0
  • 0

Орманды өзен бойындағы
Қоңыр кешкі бір іңір.
Жарық лаулап от жанады,
Шатырда шу, өлең-жыр.

Толық

«Жаңа тұрмыс»

  • 0
  • 1

Келдім міне ауылға,
Ауыл жиын қоныпты.
Қонғанының мәнісі
Ауыл колхоз болыпты.

Толық

Қарап көріңіз