Өлең, жыр, ақындар

Апырмай, туған жер-ай

  • 17.04.2015
  • 1
  • 19
  • 83387
Апырмай,
Туған жер-ай!
Теңдесер кім,
Бұл жерге сен болмасан, келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым-ай,
Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.
Жат көзімен қарайды адамдарың,
Жақын тартар құрбы да таба алмадым.
Жас отаудың есігін ашып қалып,
Айлам құрып, қайыра жаба алмадым...
Кел демеді, немесе кет демеді,
Несін маған, білмеймін, өкпеледі?!
Сені сүйген жүректі, туған өлкем,
Сен өсірген біреулер жек көреді.
Туған елім,
Көрмесем сағынамын,
Кетсем ізім өзіңнен табылады.
Жасыра алмай, ініңнің отауынан,
Ыстық маған атаның шаңырағы.



Пікірлер (19)

Ерсултан

Керемет!!!!

Камшат

Оте керемет

ШАТТЫК

КЕРЕМЕТ

Арука

Ккееррееммеетт

Тындарман

Керемет тагы

Ариана

Рақмет!

Аруна

Осы өлеңге қарап адамдар туған жерді қадірлеуі керек

Аружан Едилбай

Маган катты Унайды осы олен

Араилым

Мукагали Макатаиов маган катты унаиды

Аңсаған

мұқағали атамыздың өлеңдері өте жақсы жазылған

Әділет

Өте джақсы екен маған ұнады

Амина

Керемет

Улболсын

Бала кезімде "ЖАЛЫН" журналын қызығып жасы оқушы едім. Жас жазушылар очерк новелла көп жазатын . Бір кәріс қыздың Қызылорда облысының қандайда бір мектебіне Мұқағали атамыздың барып кездесу өткізіп, сол мектепте баяндама оқығанын, ол баяндаманы оқығандағы кәріс қыздың көңіл күйі тұұнып тұрған махабатқа толы еді. Сол әңгімені оқығаннан бастап мен де кітабын іздеп жүріп оқитын болдым. Қазір ойлаймын... Автор қайда екен деп..

Ләззат

Апрмай туған жер -ай маганда ұнайды. Осы өлеңге Ән шығарған автор (компазитор) кім білетіндер барма. Өтініш.

Ангел

2020 оте кауипти зыл.

Али

Апырмай, туған жер-ай өлеңі ұнады

Әбіләз

Мұқағали Мақатаев мықты ақын

Пікір қалдырыңыз

Дүниеге ақын келгенде

  • 0
  • 1

Дүниеге ақын келген шақта қайратты,
Шаттанды да Табиғат,
Шартарапты жайнатты,
Қайратты ақын: "Менікі!" — деп

Толық

Жұмыстан соң

  • 1
  • 2

Қажып тұрмын, несіне жасырайын,
Әкелші, ата, бар болса насыбайың.
Азан-қазан шулаған қапақ бастан
Құрып кеткір даң-дұңды қашырайын.

Толық

Шаршадым білем

  • 1
  • 3

Шаршадым білем,
Жантая кеткім келеді.
Миыңды жеген, құрысын бүйткен өлеңі!
Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой,

Толық

Қарап көріңіз