Өлең, жыр, ақындар

Еркелейді бүлдіршін

  • 14.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2821
Бала-бақша жайнап тұр,
Бұлбұл құстар сайрап жүр.
Қызылды-жасыл алмасы,
Пісіп тұр бақта алшасы.
Ауласында балалар,
Қуаласып ойнап жүр.
Күтуші болса анасы,
Қарайлап бәрін байқап жүр.
Кіп-кішкентай бүлдіршін,
Бақшада мәз боп оцйнап жүр.
Кешкісін бір-ақ келгенде,
Анасын сол сәт көргенде,
Етегінен жармасып,
Кетейікші үйге деп,
Қақпаға қарай бет алып,
Асығып жүріп барады.
Айтуы үшін сау бол деп,
Күтушіге қарады.
Дегенмен әрбір балаға,
Өз үйі қандай тамаша.
Әжесіне еркелеп,
Қасына келіп жатады.
Құлыншағым, алтыным,
Келе ғой күнім, жарқыным.
Дейтұғын бар ғой әжесі-
Бақытқа толсын әр күніңіз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балалық шақ балдай тәтті

  • 0
  • 1

Балалық шақ балдай тәтті,
Өлең айтып таңдай қақтық.
Бірге ойнап, бірге күліп,
Орта белге жеттік нақты.

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Сағынамыз әркез осы көктемді,
Келіп көктем әкелді міне көктерді.
Жайқалып тұр көктемі мен көктері,
Бағалайық келген осы көктемді.

Толық

Жазғы демалыс

  • 0
  • 2

Жаздың ыстық күнінде,
Демалысқа шығамыз.
Бір топ бала жиылып,
Шомылуға барамыз.

Толық

Қарап көріңіз