Өлең, жыр, ақындар

Жазғы сурет

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3601
Артымнан ай туғандай,
Алдымнан күн.
Түнде жұлдыз күлімдеп,
Қағады ым.
Мөлдір бұлақ,
Сырлы өзен суы тұнық
Кенет сылдыр етет те,
Болады жым...
Аппақ болып көсіліп,
Бұйраланып,
Бұрқ-сарқ ағып, көпіріп
Жатар жайқын.
Мөлдір судан бетімді
Көрейін деп,
Үңіледі өзенге,
Шыңырау - шың.
Жағадағы көкпеңбек бұйра талдан
Тәптештеп тексерсең де
Табылмас мін...
Суға келер колхоздың
Көп сиыры
Сүтке толған желіні
Керіп бұтын....
Бұлшық еті бұлтиған,
Қаны толық,
Жуан жота,
Тік қабақ
Ісік мұрын,—
Көз алдыма суреті елестейді —
Ауқатты өмір жасаған
Колхозшының.
Күнде қызық, күнде жас
Біздің өмір,
Тасқындай бір тасады
Шіркін көңіл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызғалдақ

  • 0
  • 0

Қызғалдақ күнге қарады
Жымың етті,
Құдіретті
Күн күлді,

Толық

Жаңа жылға тарту

  • 0
  • 2

Күн еді қарлы аяз,
Борандап жел тұрды,
Ескі жыл қарт ата
Кетуге бел буды.

Толық

Тіршілік, сені сүйемін

  • 0
  • 0

Тіршілік, сені сүйемін,
Қойның ыстық, тілің бал,
Жүрегім менің елжірер
Жүзіңде қымбат жылым бар.

Толық

Қарап көріңіз