Өлең, жыр, ақындар

Туғанмын бақыт нұрында

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2540
Туғанмын бақыт құшақтай
Өмірдің сәулет нұрында.
Туғанмын азат анадан,
Туғанмын совет жылында.
Туғанмын жарық өмірге
Деген анам «күл, бөбек!»
Туғанмын қарап мен күнге
Туысым ерек, бір бөлек.
Туғанмын таңда,
Самал жел
Сипады жұмсақ қолымен.
Өсірді анам,
Есірді ел.
Еңбектің сара жолымен.
Сан жығылдым,
Сан тұрдым,
Сабырсыз тәй-тәй кезімде,
Сан жыладым,
Сан күлдім,
Себебін таппан өзім де.
Адамша бастым алшаңдап
Өмірді,
Дүние жалғанды.
Жүрсем де алыс жер шарлап,
Тастамадым балғамды.
Балғамен ауыр төске ұрдым —
Темірлер нанша иленді.
Қамалда қиын мен тұрдым,
Асаулар қолға үйренді.
Өмірді бірге жасадым
Құдіретті, күшті көппенен,
Айқаста алға басамын
Дауылмен,
Жанған отпенен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көсем туралы сөз

  • 0
  • 0

Күндер де өткен, талайдан жылдар да өткен,
Қатал «тағдыр» жолымен ғасыр жылжып.
Ақын мұра сөзімен маған жеткен,
Елім сүйген көсемді айтам жыр ғып.

Толық

Кім болам

  • 0
  • 0

Мен ер болам, ер болам,
Ермен ертең тең болам.
Айбыным желдей есілген,
Уытты болам, ер болам.

Толық

Мен келдім

  • 0
  • 0

Алыстан аңсап мен келдім,
Азат киіп қолымды ал!!
Туғаның өмірлік,
Сен үшін ақ қан қаным бар.

Толық

Қарап көріңіз