Өлең, жыр, ақындар

Бала

  • 20.07.2018
  • 0
  • 0
  • 9817
Адамға бала сүю бір қазына,
Секілді өшпес алтын, сөнбес мұра.
Уілдеп күнмен ойнап күлген бөбек.
Өмірдің ұқсамай ма бұлбұлына.
Оралып етегіне былдырлаған
Жүгіріп өзін-өзі құр-құрлаған.
Баланың жат тілі мен қызық даусы,
Естілер ақ күмістей сылдырлаған.
Адамның тек баладан бөлек жаны,
Болмаса бала күні — таң шолпаны.
Ақ маңдай, торсық шеке бал бөбекті!
Бір сүйсе басылмай ма шаршағаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаз еді

  • 0
  • 0

Жаз еді хош иісі аңқып жатқан,
Жер сұлу қымбатты әсем алқа таққан.
Майысып қызғалдағы, талы үлпілдеп —
Өзен де күміс суын сылдыратқан.

Толық

Комсомол сөзі

  • 0
  • 0

Сенен ғана бірінші тәрбие алғам,
Сен күн едің,
Жұлдыз боп мен де жанғам.
Асқарына өмірдің ұшамын деп,

Толық

Қош, бауырым

  • 0
  • 0

Кенеттен алып ұшты, жүрек жанды,
Қайғылы суық сөзді құлақ шалды,
Сұңқылдап радио хабар шашты
Тыңдады барлық әлем, қайғыланды.

Толық

Қарап көріңіз