Өлең, жыр, ақындар

Арыз жазып кетейін

  • 17.04.2015
  • 2
  • 27
  • 82954
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін»,- демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.
...Тойланбаса тойланбасын,
He етейін.
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...



Пікірлер (27)

Салтанат

Оте керемет олендер

Балхия

Майгуліме деген өлеңі ерекше жүрегімде менің

Гулмаржан

Керемет

Айдана

Маган арыз жазып кетейін ұнады

еркебұлан

мықты

Аяулым

Олендер оте керемет айтылган магыналы

Жанарыс

Күшті!

Диана Сенбаев

Өлендері өте керемет
Маған барлық өлендері ұнайды

Ғабит

керемет!

Нұргүл

Маған ұнады

Алинур

Оте кушти. Мен м.макатаевтын мектебінде оқимын.

Жанымсулу

Олендер оте керемет екен

мерей

керемет супер

Абдилла Төлеген

Маған Мұқағали Мақатаев атамыздың барлық əні ұнады.Əсіресе : қайран жеңгем əні қатты ұнады

Абдилла Төлеген

Маған Мұқағали Мақатаев атамыздың барлық əні ұнады. Əсіресе: қайран жеңгем əні қатты ұнады. Достар сендер де пікір қалдырылған,сонда керемет болар еді достар ия сендерге сәттілік тілеймін!!!!♡☆☆

Жанерке

Менің сүйікті ақыным Мұқағали Мақатаев.Маған ол кісінің өлеңдері қатты ұнайды.Сөз жоқ.Тамаша!

Бауыржан

Ар созiнiн жаны бар олендер гой. Бул бiр туар гулама адамнын создерi десемде артык болмас.

Адеми Темиржан

Унады менин ертен туган куним еди соган осы такпакты айтамын рахмет

Нұрай Əмірова

өте жақсы ертең кеш болады

Суйеров Нурғали

Өмір туралы керемет жазылған...

Kausar

Күшті

алишер

күшті

Нурислам

Керемет өлең! Жастарға берер үлгісі мол!

Мадина

Маған бұл өлең ұнайды конкурс таң 1 орын алдым

Мадина

Маған бұл өлең ұнайды конкурс таң 1 орын аладым

Еркеназ

Бүгін менің туған күнім! Ой, пәлі-ай! Мұқағали Мақатаев!

Пікір қалдырыңыз

Дариға жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)

  • 0
  • 0

Болған- ды менде бір жеңге,
Жылайтын еді бір демде,
Күлетін еді бір демде;
Күлетін еді күллі әлем,

Толық

Туған жерге

  • 1
  • 31

Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң:
Анау жерде - құрбылармен алысқам,

Толық

Ғасырлар перзенті

  • 0
  • 1

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.

Толық

Қарап көріңіз