Өлең, жыр, ақындар

Днепрге қарады

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1396
Ұрыстан кейін бір солдат
Днепрге қарады.
Сүйгісі келді құшақтап
Өзі отырған жағаны.
Бұрқанды асау Днепр,
Толқынды беті шымырлап,
Секілді терең бейне өмір
Солдатқа бір сөз сыбырлап..,
Үзіліп солдат үн қатты
Сөзімнің тоқсан тілімен.
Минуттер өтті тым тәтті
Бара - бар ғашық сырымен...
Құшағын жаза, емірене,
Тақады суға маңдайын.
Балқыды мүлде ер дене,
Жібітті қатқан таңдайын.
Көтерді басын... көп тұрды
Дарияға түпсіз үңіліп.
Қызғаныш тартты бір түрлі,
Көңілі мыңға құбылып.
Тынымсыз соққан өмірдей,
Днепр суы зыр қақты.
Толқынмен көзге көрінбей,
Солдат ойы бірге ақты...
Ашулы беті жыбырлап,
«Ием» деді су - дағы.
Өзіне өзі сыбырлап,
«Сүйем» деді бұл - дағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Данаша

  • 0
  • 0

Данаша! Сәулем Данаша!
Неткен жансын тамаша!..
Мен жүрегің сұрасам,
Сен күлесің балаша...

Толық

Жабыға берме, жан сәулем

  • 0
  • 1

Жабыға берме, жан сәулем,
Жарқылда гауһар тасындай,
Қамыққанмен қайтпаспын,
Қанды майдан басылмай.

Толық

Жігіт пен қыз

  • 0
  • 0

Жігітке бір күн айтты қыз,
Жұмбағым бар тапшы деп,
Жігіт айтты: «сөзіңіз —
Жұмбақсыз да жақсы»— деп,

Толық

Қарап көріңіз