Өлең, жыр, ақындар

Сен қожа

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1375
Көк киімді көп неміс
Кеше — «қожа», бүгін — күл
Өңірі жыртық, көзі жас
Көшеңде кірпіш тасып жүр,
Автомат жоқ қолында,
Бал жинамайды — жан атып,
Біздің күш басын идірген,
Өлер күнін санатып,
Ол жеңілген, сен — қожа,
Киев — совет қаласы.
Азат мәңгі, мәңгі азат,
Украина даласы.
* * *
Оқ тескенде көкірегімді қан талап,
Украин шал сені таптым әкелеп.
Ессіз жаттым, топырағыңды қалқалап,
Қызың бақты жан жарасын мәпелеп.
Соғыс зары талай сағаң төгілді,
Бірге шектім қатерлі ауыр сапарды.
Қарсы ал мені солдатың, ұлың
Қанды айқаста берген өзің батаңды.
Бақыт деген немене
Уайым деген немене
Сағыну деген немене
Сарғаю деген немене
Бастан кешкен күн емей.
Сәулесіз қара түн емей.
Сайранды дария көл емей?
Сарша тамыз шел емей!
* * *
Сен айтпа менің жайымды!
Сұрасаң сұра өзімнен.
Іздеме күн мен айымды,
Ұға алмасаң сөзімнен.
Шаршама, ойың жетпесе.
Арығыңды қамшылап.
Сауда емес өтер ептесе...
Өлеңде нең барынан сұрап!!
Әуреге салма, жас құрбым!
Азапқа жаным төзе алмас.
Тоқсан дау... зая тоғыз сын,
Бергенін өмір өзі алмас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балалық

  • 0
  • 0

Базарда, базар бір базар
Қызықсың - ау, балалық!
Бедерін. гауһар, сап алтын
Жүзіксің - ау, балалық!

Толық

Жаз еді

  • 0
  • 0

Жаз еді хош иісі аңқып жатқан,
Жер сұлу қымбатты әсем алқа таққан.
Майысып қызғалдағы, талы үлпілдеп —
Өзен де күміс суын сылдыратқан.

Толық

Сығалады ай, көк жиегі сөгіліп

  • 0
  • 0

Мөлдір аспан көк торғындай төгілді,
Бір тамаша күйге бөлеп өмірді,
Қуандым да жас баладай шаттандым,
Күлді жүрек, жан сырымды ақтардым.

Толық

Қарап көріңіз