Өлең, жыр, ақындар

Бақташы мен бұлбұл

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1882
Талда бұлбұл, жерде гүл,
Төгілді әсем ақты жыр.
Толқыды үні терең сыр...
Бөленді сазға ой мен қыр.
Құшақтап адам баласын,
Тербелді дүние сол шақта.
Қыдырып таудың арасын
Бір күй шықты аулақта...
Құбылды сол кез кең дала,
Жарқылдап барлық тіршілік.
Сайрады орман, сай-сала,
Құлақпен тыңда, жанмен ұқ!
Басталды сауық, қосты саз
Талда бұлбұл, тауда шал.
Гауһарлы қойнын ашты жаз,
Бөктерде жатыр жусап мал.
Долы ашуын шарт тыйды,
Күбірлеп ерні дауылдың...
Ақ маңдайын күн сүйді,
Әлпештеп ерін ауылдың.
Асқақтап ән, күй көкке асты,
Айдында жүзген қаздайын.
Жүрекке ыстық жармасты —
Мұзды ерітер жаздайын...
Ұйытты елді осылай...
Талда бұлбұл, тауда шал!
Бақташы күйін ұққандай,
Бөктерде жатты жусап мал.
Қызыл туы желбіреп,
Колхозды біздің ел тұрды.
Күй сазына елжіреп,
Бидайлы қалың бел тұрды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлақ сыры

  • 0
  • 0

Қырдан төмен ойнақшып,
Ағып жатты бір бұлақ.
Ағып жатты бір бұлақ,
Күле, жырлап, сылдырап.

Толық

Комсомолға

  • 0
  • 0

Лениншіл комсомол!
Қатарында болдым мен де жалынды,
Бесжылдықтар белестерін бірге астым,
Құрдым завод, бөгестім зор ағынды,

Толық

Украина қызына

  • 0
  • 0

Жайланып, қару-жарақсыз,
Жатырмын, мұнда мен неге?
Өр жүрегім тағатсыз,
Жабырқау тарттың сен неге?

Толық

Қарап көріңіз