Өлең, жыр, ақындар

Совет халқына

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1132
Сен сүйесің жаныңмен Отаныңды,
Өзің өскен жеріңді, совет елін,
Сен сүйесің аспанда шық қан күнді,
Сен сүйесің, еліңнің келешегін.
Сен сүйесің көсемді, алтын заңды
Бақытың мен арыңдай адал сақтап.
Сен әкем деп атайсың ұлы адамды,
Ол сөзіңді жаныңмен жүрсің ақтап.
Сен сүйесің коммунист партиясын
Өз анаңдай өзегін жарып шыққан,
Адалдығын, ақылын қайыспайтын
Талай өрт пен дауылдан алып шыққан.
Сен білесің, сан асу, дауылдардан
Коммунизм төріне бастар көсем.
Жеңіс пенен өткізіп майдандардан.
Нысанаға жеткізер аман-есен.
Сен ұмытпа, сол өзің сүйген Отан
Шақырғанын «сайлауға, дауыс бер!» деп.
Сен ұмытпа, өз елің, өз партияң
Шақырғанын құрметпен саған кел деп!
Сен ұмытпа, жүректе жанған нұрдың
Құйыларын бір жерге бүгін елмен.
Сен ұмытпа, жеңісі Октябрьдің
Тағы да бір бекірін бюллетеньмен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туғанмын бақыт нұрында

  • 0
  • 0

Туғанмын бақыт құшақтай
Өмірдің сәулет нұрында.
Туғанмын азат анадан,
Туғанмын совет жылында.

Толық

Екі өзен

  • 0
  • 0

Мыңдар жыл аққан кәрі Еділ
Қасқая тіліп жерімді,
Келмеген кім бар саған бір,
Сүймеген кім бар Еділді.

Толық

Айқас

  • 0
  • 0

Келе жаттым айсыз түнде,
Баяулатып әнге сап.
Тұрды күліп біздің дүние,
Электрден жарық ап.

Толық

Қарап көріңіз