Өлең, жыр, ақындар

Ауғанбай

  • 17.04.2015
  • 1
  • 6
  • 8789
Қару орнына қамшы алып,
Жол жүрдік біздер қаншалық.
Қанымыз кеуіп, тамсанып,
Бұлақтың суын аңсадық.
Қауымға қарап, жар салып.
Қоныс іздедік, жан салып,
Ақыры біздер шаршадық.
Қалмағы шауып бір өтті,
Қалғаны шауып бір өтті.
Ұйыған сүттей қайран ел,
Бас ауған жаққа дүр етті.
Қармадық босқа түнекті,
Таппадық тұтам тіректі.
Бермеді тағдыр тілекті,
Итшілеп жүріп күн өтті.
Үзіліп қалған армандай,
Еш нәрсеге де таңданбай,
Еш нәрсеге де алданбай,
Дүние жиып, малданбай,
Міністен қалған тарландай,
Жүрістен қалған арландай,
Таспасын тіліп, қамшы өріп,
Отырар еді Ауғанбай.
Адасып көштен қалғандай...



Пікірлер (6)

Эльмира

Бұл өлең 1974-1975 жылдары жазылған. Мұқағали Мақатаев Маңғыстау облысына келгенде жазған.

Айгүл Таңжарқызы

Ауғанбайқызы Эльмираның әкесіне арналған екен өлең. Әуекеңнің үлкен әкесі мен бірге туған тумаластары Иран бетте қалып, елге өте алмай, арманда кеткен.
"...Бермеді тағдыр тілекті,
Итшілеп жүріп күн өтті.
Үзіліп қалған армандай..." өзге елде солай сүйегі қалған бауырды өмір бойы күткен екен. Ауғанбай әкеміздің қамшы өретін өнері болған.
Міністен қалған тарландай,
Жүрістен қалған арландай,
"...Таспасын тіліп, қамшы өріп,
Отырар еді Ауғанбай.
Адасып көштен қалғандай......" бауыры мен әкесін таппаған Әуекең өз мұңын Мұқағали айтса керек.

Аруна

Мұқағали Мақатаевтың Ауғанбай өлеңі мықты жазылған

Ауғанбайқызы Эльмира

Керемет өлең! 1975 жылы Маңғыстау облысы, Жетібай ауылына қыдырып келгенде әкеме арнап шығарылды.

Дулат

Қандай керемет, толығырақ ашып айтып берсеңіз екен, қиын болмаса, Эльмира ханым

Пікір қалдырыңыз

Сонымен күндер өтті

  • 2
  • 1

...Сонымен күндер өтті,
Күндер өтті...
Кімдер кеп, кімдер өтті?!
Жонынан майы тамған жомарт - өлім!

Толық

Қар жауып тұр

  • 1
  • 8

Апыр-ау, бір-ақ түнде қыс келген бе?!
Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге
Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп,
Бір-ақ түнде керемет істелген бе?!

Толық

Ақынның ауылы

  • 1
  • 4

Сол маңға соға алмадым көптен бері,
Күз бе еді?!
Есімде жоқ, көктем бе еді?!
Есімде тек - даланың өкпек желі,

Толық

Қарап көріңіз