Өлең, жыр, ақындар

Таңқы мұрын қара қыз

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1897
Таңқы мұрын - қара қыз!
Кердең - кердең басасың,
Кес-кестейсің көшені,
Қандай қырдан асасың?!
Таңқы мұрын қара қыз!
Сөз сөйледің тақылдап,
Таң-тамаша қаламыз,
Тілдесейік жақындап,
Таңқы мұрын қара қыз!
Қалғаның не жаратпай!
Түнді аударып қайтып ең,
Қайда жорттың таң атпай!
Танкы мұрын қара қыз!
Бұйралапсың шашыңды,
Сүрмелепсің қасыңды,
«Аяқ» десем, «бас» дейсің,
«Таяқ» десем, «тас» дейсің...
Танкы мұрын қара қыз!
Қызмет жоқ, бейнет жоқ,
Әйтсе-дағы көйлек көк
Әйтсе-дағы тамақ тоқ.
Танкы мұрын қара қыз!
Тәрбиеге пысқырдың
Оқуға да төзбедің,
Үш тастадың, үш кірдің.
Таңқы мұрын қара қыз!
Арман да жоқ, ой да жоқ,
Сен баспаған көше жоқ,
Сен бармаған той да жоқ.
Таңқы мұрын қара қыз!
Табаның бір тозбайды,
Өтірік пен есекке
Сенен пенде озбайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарындас

  • 0
  • 1

Жүзі гүлдей жайнаған,
Қарақат көзді қарындас.
Киіктей тауда ойнаған.
Сағымменен аралас

Толық

Сыншыларға

  • 0
  • 0

«Ей қосаяқ, шара бас,
Жарғақ құлақ жаңалаш»—
Алдыңда қалам, қарындаш,
Қабағын, түйіп жалан, бас.

Толық

Партия туралы сөз

  • 0
  • 0

Қараңдаршы, жаңа тарих бетіне,
Қараңдаршы, келбетіне заманның!
Қараңдаршы, жер, суына елімнің,
Қараңдаршы, тарихына адамның!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар