Өлең, жыр, ақындар

Шын сүйікті партиясы Лениннің

  • 23.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1227
Дауыл еді, майданда едім қарысқан,
Жау қолының жағасына жабысқан,
Қырғын еді күндіз-түні шабысқан,
Минут сайын жан беріп, жан алысқан,
Бермеймін деп Отанымды, жерімді,
Қанды ұрыста сақтадым мен елімді.
Жүз мыңдаған ерлер сапта айқасты,
Жүрегінде ту ғып ұстап Ленинді.
Мыңдар өлді...мыңдар басты қатарды,
Болат жанды, қайтпас батыр атанды.
Кеудесімен жапты талай қыршындар
Пулеметтер құрып қойған апанды.
Тіл қатты ол,
құлағыңды сал деді,
Саған айтар аманатым бар деді.
Төс қалтамда жатыр менің бүктеулі,
Өз қолыммен жазып едім, ал,— деді.
Өлтір жауды, маған қарап тоқтама!
Армансызбын, жасың төгіп жоқтама!
Қанды ұрыста қырдым фашист залымды,
Отан үшін түстім жалын, отқа да.
Көзін жұмды... арасымен оқтардың
Қатарына кірдім алғы топтардың.
Саябырлап ұрыс тынды бір кезде,
Қалтамдағы қағазды мен ақтардым.
Қисық қыңыр әріптері сызылған
Кей жері өшіп, кейбір сөзі бұзылған.
Қандастың аманатын оқыдым,
Ұмытпастай жүрегіме тоқыдым.
Арызы екен, арманы екен, сыры екен,
Ұзақ жылдар таза сақтап жүр екен,
Жазған екен жауған оқтар астында,
Кір шалмаған Отанның бір гүлі екен.
«Мен ұлықпын кіршігі жоқ денемнің,
Сүйген сені, партиясы Лениннің.
Аз еңбегім болса - дағы көп сана,
Өлсем егер қатарында деп сана!»
Аманаты, арман, ойы арызы
Мойнымда еді сол бір солдат қарызы,
Бүгін, Мәскеу, саған әкеп тапсырдым,
Бүгін жырмен дүниеге паш қылдым.
Бұл ортақ сыр барлық қазақ халқына
Шын бойласақ, көз жіберсек парқына
Ұқсамай ма партияға арнаған
Махаббатты елдің берік антыңа,
Рас, солай! Халықтары елімнің
Шексіз сүйер партиясын Лениннің
Берік, нығыз, бар майданда сыналған
Тұтастығы отанымның, жерімнің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Никос Беллоянистің өліміне

  • 0
  • 0

Атты жау,
Алды өлім бүгін кімді?
Қақ жарған ерді алды ма қара түнді!
Кім жоймақ от жүректі,

Толық

Сені мен мен

  • 0
  • 0

Сыртың сенің жылтырар, ішің мұздап,
Сөз айтасың әркімге сен жалғыздап.
Бітеу жара секілді тырс-тырс етіп,
Жұмбақ денең тұрады әр күн сыздап,

Толық

Бұлақ сыры

  • 0
  • 0

Қырдан төмен ойнақшып,
Ағып жатты бір бұлақ.
Ағып жатты бір бұлақ,
Күле, жырлап, сылдырап.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар