Өлең, жыр, ақындар

Ақынға

  • 17.04.2015
  • 1
  • 8
  • 27279
Біз деген, досым,
Тағдыры қызық халықпыз.
Халқының өзі қорғасын құяр қалыппыз.
Екінің бірі бармайтын жерге барып біз,
Жанбайтын жерде жаныппыз.
Біз деген, досым,
Тағдыры қызық халықпыз.
Білгендер білсін,
Білместер, мейлі білмесін.
Қолдасын мейлі,қорласын мейлі,күндесін.
Қара тастан да мейірім күткен ақынды.
Қатыгез жандар ашынтып алып жүрмесін
Антейміз біздер,
Жеріміз біздің - халық-ты.
Хальіқсыз біздің Антейлігіміз қауіпті.
...Жұртына тастап кетпесе болды көшкенде,
Берендері үшін қорғасын құйған қалыпты.



Пікірлер (8)

Акерке

айтып жеткзу мункн емес

Акерке

керемет

Аружан

Тамаша

Мадина

Мұқағали атамыздың өлеңдері əрқашан тамаша ғой шіркін-ай!

назым

өте өте тамаша

Али

Маған Мұқағали Мақатаевтің өлеңдері мен әндері ұнайды.

Бекзат

Мұқағали Мақатаев
Ақынға - ұнады

Пікір қалдырыңыз

Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды

  • 1
  • 2

Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды,
Ақылымның есігінен аттай бере жығылды.
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап,
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау зығырды.

Толық

Европа

  • 0
  • 1

Үңгірінен құлдардың,
Ұйқы басқан көне індерден,
атыла шықты, жатпады,
Таңдандырды өзін де,

Толық

Ұят болды-ау

  • 1
  • 8

Сен де кеттің,
Мен де кеттім,
Ол да кетті ауылдан.
Осынымыз ұят болды-ау, ұят болды-ау,қауымнан!

Толық

Қарап көріңіз