Эссе және өлең-жыр байқауы

Білгішіме

  • admin
  • 17.04.2015
  • 1
  • 3
  • 6717
Тағы да, тағы, тағы да,
Тағы да сына, білгішім.
Кіріп ап менің жаныма,
Кір іздеп тағы жүрмісің?!
Бір жырым - менің бір балам,
Мезгілсіз шала тумаған.
Мерзімі жеткен шағында,
Шығам деп сыртқа тулаған.
Мезгілсіз өлең тумайды,
Көңілсіз болса, кім білсін.
Сыбызғы десем қурайды,
Оны да сына, білгішім.
Домалақ жердің үстінде,
Домалап бара жатырмын.
Мұхитқа сүңгіп түстім де,
Аспанға бір-ақ атылдым.
Айға ұшып бара жатырмын,
Мұны да сына, ақылдым,
Әйтеуір мені қатырғын
Туын жық тұғыр ақынның!!!
Сахара мына жеріме,
Сағымнан көйлек кигіздім.
Сандалып жүрген бөріге,
Сары атанымды бүргіздім.
Жұлдызын мынау аспанның,
Жерде тұрып-ақ басқардым.
Мамық еттім де тастарды,
Тауымды басқа жастандым.
Жотама қала орнатып,
Бойыма сыймай жүр күшім.
...Тұғыр ақынды сорлатып,
Мұны да сына, білгішім.
Осылай өмір сүремін,
Осылай жүріп күн кешем!
Дүниенің мына жүрегін,
Ақыннан сұра, білмесең!!!
Жырым көп әлі менің жазылмаған.
Кенім көп әлі менің қазылмаған.
Қалдырып болар-болмас қазынамды,
Неліктен бір күні мен жазым болам?!
Қуалап тіршіліктің көбелегін,
Қап қойды қапелімде көп өлеңім.
Жалғызым, жаным менің - жырым менің,
Қалдырып сені артыма неге өлемін.
Жазайын, жалықпайын, жасырмайын,
Қашан қалғып кеткенше басылмайын.
Ая деп ажалға мен бас ұрмайын,
Шоқ шайнап, от бүріккен Қасымдайын

Басқа да өлеңдері

Өмір жайлы

  • 2
  • 32

Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.

Толық

Ильич

  • 0
  • 0

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса, паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.

Толық

Қойшы бала Әкітай

  • 0
  • 0

Алғыр, өжет Әкітай,
Өзі қалап қой баққан.
Қозысын қорғап аялай,
Лағын жарға ойнатқан.

Толық


Пікірлер (3)

Амон

Керемеееет

Тогжан

Оте керемет! !!! Маган катты унады

Ания

Керемет маған қатты ұнады мен осы өлеңді жаттап алдым

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...