Өлең, жыр, ақындар

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы

  • 17.04.2015
  • 1
  • 3
  • 32333
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.
Қар да ілігіп қалған-ды тау басына,
Мұз тоңды ма бұлақтың жамбасына?
Суық келіп, суыр да жатқан шығар,
Қамдап алып азығын қамбасына.
Төрт түліктен төгілген шалқар әнді,
Ұзатқан-ды, жайлау да тарңаған-ды.
Ескі жұртты тіміскіп, қорқау әлгі
Қажалап та жүрген-ді қаңқаларды.
Сағыныштай сарғайып жанды ма күз,
Сары шәйі жамылып алды ма түз?
Қурайларын сыңсытып сыбызғыдай,
Қаңбағы ұшып, қаңырап қалды ма аңыз?
Әңгімеле тауын да, даласын да,
Қырқасын да, сайын да, саласын да.
Ақбоз үйдің түндігін желпілдетіп,
Қонды ма кеп қойлы ауыл Қарасуға?
Қарасуға қосылып тұна барып,
Жатқан болар іргеде бұлақ ағып?
Арып келіп, тойынып қайтқан болар,
Toп тырналар аспанға сына қағып?



Пікірлер (3)

Асылзат

Фариза

Турар

Маған өте ұнайды,Мұқағали өлеңдері.

Пікір қалдырыңыз

Жігіттер, мақтанбалық

  • 1
  • 2

Бөрікті аспанға атып, аттан салып,
Жігіттер, мақтанбалық, мақтанбалық!
Қашаннан қазақ деген сырмінезді,
Мақтаусыз да, мақтансыз жатқан халық.

Толық

Жұмбақ

  • 1
  • 5

Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған,
Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам.
Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз,
Бастаймыз да, жалғай алмай, жібін үзіп тастаймыз.

Толық

Зираттағы жыр

  • 1
  • 2

Сәлем бердік,
Бейтаныс жолаушылар!
Жолаушылап, шаршаған боларсыңдар.
Анау қырдың астында менің аулым,

Толық

Қарап көріңіз