Өлең, жыр, ақындар

Ертең қиып кетерсің

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1216
Толы тағам: әні қызым, әні бал,
Ал жолаушым, шөлдеп келдің қанып ал.
Бұл ауылдың сұлу қызы тағы бар,
Ақын жігіт — жерің осы танылар.
Жанарында ой ойнайды жымыңдап,
Құбылады қара меңі жүзінде-ақ.
Пай-пай, құрбым, көрікті едің сен қандай,
Ақын ойы кетті өзіңе қырындап.
Келген бетте осынау үйге алғашта-ақ,
Ақ жастықта жатты бір қарт жамбастап.
Енді отырмыз әсем сазға еліктеп,
Меңді құрбым бір ғажайып ән бастап.
Бар-ау, шіркін, әннің не бір сиқыры,
Жатты айтылып тасқын әуен түр-түрі.
Дос-жаранмен бірге өткізген осындай,
Неге тұрар жас дәуреннің бір күні.
Кейбір ауыз қалды мүлдем ашылып,
Кейбіреулер шын сүйсінді бас ұрып.
Ақын отыр, кірпік қақпай қадалып,
Сырлы сезім жатпайды өзін жасырып.
О, ақыным, бұл емес сен жетер шың,
Ән жолына өзіңді мерт етерсің.
Қиылғанмен бүгін меңді қызға сен,
Қиып ертең ауылыңа кетерсің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауыл барсаң

  • 0
  • 0

Ауыл барсаң,
Тауларын аралай бар,
Қаптап өскен қарсы алар қарағайлар.
Күнше күліп бөбектер шықса алдыңнан,

Толық

Қалың мұнар

  • 0
  • 0

Қаптың тауы бүркенді қалың мұнар,
Неліктен сол мұнарға жаның құмар?!
Шығыстың аруындай перде тартқан,
Мұнарың —

Толық

Бейне бір көрген жақсы түс сияқты

  • 0
  • 0

Көзіңе елестетер ұшқыр атты,
Көңілге көктеткендей күш-қуатты,
Естайдың ауылында күндер өтті,
Бейне бір керген жақсы тұс сияқты.

Толық

Қарап көріңіз