Өлең, жыр, ақындар

Сыбдырлайды құрақтар

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1757
Көктем-ару, таң сәріден
жұпар иісін шашқанда,
Көңіл құс боп ұшты алысқа
тереземді ашқанда.
Бұлбұлдар да кетті сайрап,
Төгілдіріп әсем ән,
Ақша бұлттар ақ торғындай үлбірейді аспанда.
Сыбдыр-сыбдыр сыр шертеді
балауса да, құрақ та,
Әндер, әндер, елжіретіп
алып кетті-ау жыраққа.
Көбелек боп қонды көктем,
Гүлдің балғын ерніне,
Сыңғырлаған сылаң қақты
сұлу толқын бұлақта.
Көктем үні айна көлді дірілдетті, тербетті,
Самайынан Алатаудың ағыл-тегіл тер кетті.
Көктем болып келіпті ғой ұлы адамдар өмірге,
Нұрға бөлеп,
Жырға бөлеп,
Мынау байтақ жер-көкті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кереку кеші

  • 0
  • 0

Даусыңның қоңырын-ай,
Майдасын-ай!
Барады жыр-толқындар ойға сыймай.
Кәдімгі Керекуден ән боратқан,

Толық

Cарқырама қасында

  • 0
  • 0

Такаббар,
Талқы тауы көк тіреген!
Сол тауда қыран құстар кеп түлеген.
Еркесі сияқты еді,

Толық

Сезім

  • 0
  • 0

Сезім — гүл, үзілсе солатын,
Сезім — құс, кеудеңе қонатын.
Сезім — жаз, жаныңды жылытқан,
Сезім — қыс, боранын ұлытқан.

Толық

Қарап көріңіз