Өлең, жыр, ақындар

Әкеме хат

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 8993
Жүр ғой бала қала жақты мекендеп,
Бір биіктен бір биікке жетем деп.
Маза да жоқ көңілімде күні-түн,
Тірлігімде түк бітірмес пе екем деп.
Жүрмін, Әке, жердің бетін нық басып,
Кейде сергек,
Кейде иықтан жүк басып.
Ақ жол болғай деп тілеші балаңа,
Ұзақ сапар балаң жолға шықты ашық!
Жүрмін, Әке, шаршап, тағы сайрандап,
Бұл өмірдің сырларына қайран қап.
Кейбіреулер жымиып-ақ отырып,
Кетеді екен нәзік жанды ойрандап.
Болмаса да ала бөтен қастығың,
Бүркейді екен көкірекке ащы мұң.
Жоқ дегенде адал жанды азаптап,
Жазалайды кейде сені жастығың.
Сағынамын ауылымның ақ таңын,
Түседі еске сонау бала шақтарым.
Сағынамын анашымның аймалап,
Көрпешемді қымтай түсіп жапқанын.
Сағынамын "Ешкіөлместің" бөктерін,
Кетер ме естен бұлбұл сайрап төккен үн.
Кете бардық бәріңменен қоштасып,
Қыз болдық та бой түзеген көп-көрім.
Сыртқа шықсам болам, Әке, үйге алаң,
Жастық жылдар өтіп жатыр қимаған.
Болғаннан соң бір отаудың иесі,
Еркелікті немереңе сыйлағам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дала қыраны

  • 0
  • 0

Сәлем бердім асығып,
Армысың жонды Жоңғарым.
Биікте жатыр асылып,
Тарамдалған жолдарың.

Толық

Өмір мен өлең

  • 0
  • 0

Ей, өмір!
Саған қымбат өр қадамым,
Ақынмын, қанша міндет арқаладым...
Жырыма жүрегімді үзіп берем,

Толық

Алаң – теңіз, адам – толқын

  • 0
  • 0

Қызыл алаң!
Тас көше түзу кеткен,
Қызыл нұр қыз жүзінде сызылды еппен
Жұлдызы Кремльдің жарқыраса,

Толық

Қарап көріңіз