Өлең, жыр, ақындар

Құс жолы

  • 16.08.2018
  • 0
  • 1
  • 2905
Бақытты күндер деген осы-ay, жаным,
Тасытқан жүрегімнің асау қанын.
Өткелінде тұрмын мен
Өктем қарап,
Өлең мен Өмір дейтін қос арнаның!
Бақытты күндер деген осы-ay, жаным,
Көресің, кең дүниенің жасарғанын.
Қабақтағы мұңды бір серпілдіріп,
Сол күні шаттанудан бас алмадым,
Саған жетем, алдымнан тос арманым.
Келемін талай асу, кезең асып,
Кербез жырдың есігін кезек ашып.
Жарқыратып жолымды түндерде де,
Құс жолы ақ сәлесін төгеді ашық!..
Арланбайды айтудан шындықты адам,
Армандап өткен соны мұңды бабам.
Жыл озды, жұрт жаңарды,
Қала орнады, тағы талқан,
Жойылды құлдық заман.
Арланбайды айтудан шындықты адам,
Арланасың, адамға шынды ұқпаған.
Бар мәні тірлігімнің адал болу,
Қымбаттау қасық қаннан шындық маған!..



Пікірлер (1)

Инабат

Өте керемет♥️

Пікір қалдырыңыз

Құмырадағы жас

  • 0
  • 0

О, сұм заман!
Елді елмен соғыстырған,
Жұрт қаралы,
Ерлерін соғыс қырған.

Толық

Жағалауда

  • 0
  • 0

Белгісіз теңіз кәні,
Бұлты кәні,
Тұтасып аспанға бу ұмтылады.
Тентек қой, теңіз жаны көнбес тегі,

Толық

Шалғай ауыл

  • 0
  • 0

Күн кештім қандай қымбат,
Қандай ауыр,
Куәсің сен бәріне,
Шалғай ауыл!

Толық

Қарап көріңіз