Өлең, жыр, ақындар

Білесің жұрт мінезін аралассаң

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2045
Білесің жұрт мінезін аралассаң,
Қадамды қалт жібермес, жаза басқан.
Оң мен солға бұлтартпас сергек сезім,
Бас білмейтін асаудай ала қашқан.
Білесің жұрт мінезін аралассаң,
Көңіл биік, жайына қалады аспан...
Абайлатпай, аяқтан шалып қалар,
Алдына түсіп, озып бара жатсаң...
Білесің жұрт мінезін аралассаң,
Болады дәруіштей, дәрменді адам,
Шипа болар, жаныңды жаралатсаң.
Білесің жұрт мінезін аралассаң,
Бұлақтар бар, биіктен тарап аққан.
Жаралған жандар қанша жақсылыққа,
Туғаннан табиғаты дара жатқан.
Кір жұқтырмас жандар кеп,
Гүл — көңілді, көпсінбейтін жадырап
Күлгеніңді кейбіреудің еркіне
Қойсаң егер, қаламайды,
Жер басып жүргеніңді...
Дос жанына батады жүдегенім,
Тағдырдан жалғыз соны тілер едім:
Бәрінен пенделіктің биік болып,
Елге керек, жүдемей, түлегенім!
Жай ұғып, хабардар боп жүреді елім,
Жеткізер арманымды бұл өлеңім!..
Қуатым да, қызығым қуаныш сол —
Елімнен татам дәйім жүрек емін!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қос басында

  • 0
  • 0

Қандай жақсы, дүрліккен дала қосы,
Есіңнен кетпестей боп қалады осы.
Шардараны көңілді
Күйге бөлеп,

Толық

Іздерсің сонда

  • 0
  • 0

Ауылға, достар, ал кеттім,
Серігім болар кімің бар.
Келеді кейде әндеткім,
Соны ұғып жұлдыз жымыңдар.

Толық

Жолдар

  • 0
  • 0

Жолдар, жолдар, қиялды алып қашып,
Қырлардың қырқасынан қалыпты асып.
Келеді тұтқын етіп сырлы ақынын,
Сансыз арман тұс-тұстан торып, қашып.

Толық

Қарап көріңіз