Өлең, жыр, ақындар

Желі басында

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1147
Қарап қалдым, желідегі құлынға,
Желбіреген жалы ұқсайды тұлымға.
"Құлыным", — деп айналатын әз ана,
Қызын әрі ұлын да.
Көрініс қой, көріп жүрген бұрын да...
Әдемі ғой, байқағанға шынында.
Қайран болып, қараймын да толғанам,
Қайда кеткен асау мінез ұрынба?!
Құлын қайтсін, күні бойы байлауда,
Кетер еді-ау, асыр салып ойнауға.
Қымыз ішіп, қызық көру үшін жұрт,
Шығама тек жасыл шалғын жайлауға?
Жайлап қана орынымнан қозғалам,
Жаңа жұртта желі жатыр тозбаған.
"Ойнақтасын, босатындар құлынды", —
Дегім келді еске түсіп өз балам.
Жайлар көп қой, Жәбірлейтін, қинайтын...
Шіркін тағдыр, біреуге ащы сыйлайсың.
Ойнақ салып, еркін жүрген құлынды,
Жуасытып, жүгендеуге қимайсың.
Өмір озар, жатар күндер жаңарып,
Жатар өрбіп атқан таңнан жаңалық,
Таудың салқын самалымен жас құлын,
Жібек жалы бара жатты таралып.
Неткен нәзік, жарасымды балалық!..
Біреу тұрды іске асығып ақ таңнан,
Біреу тұрды тірлігіне мақтанған.
Біреулердің қабағында соғыстың
Айықпайтын қасіреті сақталған.
Біреу тұрды ойын шыңнан асырып,
Біреу тұрды жұрттан жүзін жасырып.
Біреу тұрды тумысынан қағылез,
Өмір сырын өзгелерден жас ұғып...
Біреу тұрды болжай алмай шамасын,
Біреу тұрды есіне алып даласын.
Біреу тұрды уын жиып шағатын...
Біреу тұрды ізгілікке жаршы боп,
Адамдардың жалғастырып арасын.
Біреу тұрды арғымаққа ер салып,
Қайту үшін ел аралап, жер танып.
Біреу тұрды баласы үшін адамның
Берсем-ау деп, жақсылықтан енші алып!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асау

  • 0
  • 0

Шың баурайы бұйығады дым бүркіп,
Тығылады қою тұман
Шыңға үркіп.
Бұның бәрі жылқышыға түк емес,

Толық

Прикамье

  • 0
  • 0

Прикамье көнелердің көзіндей,
Көреді ол бар ұлтты да өзіндей.
Көпті кешкен абзал жаны алаңдап,
Ақ таңды да атырады көз ілмей...

Толық

Көңіл күйі

  • 0
  • 0

Шаршамас, сірә, бұл ақын,
Шаршатпай күңді қартамыс.
Мезгілі жоқ бір тынатын,
Өмірде мынау арпалыс.

Толық

Қарап көріңіз