Өлең, жыр, ақындар

Келемін алуан ойлар ырқыменен

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1263
Абайдың көшесімен бойлап төмен,
Еске алып, талай істі ойлап келем.
Ақынның дана жыры санамызға —
Қалған ғой, қашаннан да орнап терең.
Келемін алуан ойлар ырқыменен,
Бірі тежеп, біреуі жүршілеген.
Келемін, өткен күнге көз тоқтатып,
Жапырақ жамылыпты сыршыл емен.
Жұлдыздар көз көрімде шоқтанады,
Қиылып, ай ару да көп қарады.
Ол-дағы ой тербеген ақын ба екен,
Жарқырап шеткері үйде от жанады...
* * *
Өткен күндер қасіреті жойылмай,
Мінезің де ауыр тартты шойындай.
Шығып едің құлагердей өміріңе —
Жүр ме көңілің тойынбай?..
Жан толқытқан сан ойларды мойындай,
Мұңданады, қара көзің мойылдай.
Өмір — дойбы, сен қапыда ұтылдың,
Бір тасы кеп өз орнына қойылмай.
Тыңдағанға әнмен айтар сырың көп,
Аңғарғанға қалар, үлкен түйін боп.
Мойымасты мойытатын күшпенен —
Әттең, тағдыр, құбылмалы, қырың көп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыңынан Бүркіттінің қарап едім

  • 0
  • 0

Байқатпай бір көргенге сындарлы ісін,
Тапжылмай,
Көрсетсе де жылдар күшін,
Үйіріп сұлулықты бір өзіне,

Толық

Бар өмірге қимас ем..

  • 0
  • 0

Дүлей теңіз — мендегі сезім деген,
Жан бар ма, сезім күшін сезінбеген.
Бар өмірге қимас ем әттең дүние-ай,
Жалғыз сәтті өткізген

Толық

Сенім

  • 0
  • 0

Өзің барда көрмеспін де күрсініп,
Өз күшіне енді мына тіршілік.
Тартсам да мен бір сен үшін азапты,
Табынбаспын, тағдырыңа құлшынып!..

Толық

Қарап көріңіз