Өлең, жыр, ақындар

Сенім

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2358
Өзің барда көрмеспін де күрсініп,
Өз күшіне енді мына тіршілік.
Тартсам да мен бір сен үшін азапты,
Табынбаспын, тағдырыңа құлшынып!..
Күндемеймін кейбіреудің күлкісін,
Керек жанмын, өз орным бар жұрт үшін.
Кектенбеймін, кейбір қатал мінезге
Бар айтарым: жүрегімді шын түсін.
Өзі де өлең, бұл күндерім өзіңмен,
Өтермін де қол ұстасып өмірден
Құрғатар-ау, кештерде ескен
Қоңыр жел, маңдай терді туған жерге төгілген.
Айта жүріп әндердің егілген,
Сырласарсың, әнді сүйген еліңмен...
Азап кешкен күндеріңе қамықпа,
Адамдар бар, тірі жүріп көмілген...
Биік болмас, шыңның бөрі көрінген,
Биік артпас адам үшін сенімнен.
Сомдап тұрып ескерткіш соқ өлеңнен,
Мынау өмір, бір-ақ рет берілген!
Сапар шексем таусылмайтын
Жерім кең, жолым ауыр,
Бірақ қайта шегінбен, аязда да,
Аптапта да жүремін, жұртым үшін,
Жыр — дәндерін себумен!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құшағында

  • 0
  • 0

Қызғанбашы менен сол,
Заңғар көкті қыраным.
Мен үшін ол әзірге арман,
Ал сен үшін тұрағың.

Толық

Ұнатамын..

  • 0
  • 0

Ұнатамын мен аппақ дала таңын,
Баурыңдағы мен де бір балапаның.
Бірде қатал естілсе әмірлі үнің,
Бірде шаштан сипайды алақаның.

Толық

Әнші шофер

  • 0
  • 0

Құстай қомдап шофер жігіт иығын,
Әнге қосты даланың жез киігін.
Алдына алып тербеткендей болды бір
Сырымбеттің бұлт жетпейтін биігін.

Толық

Қарап көріңіз