Өлең, жыр, ақындар

Ақ Еділ, арманым ең

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1325
Мен болдым Ульяновск қаласында
Мен болдым Ульяновск қаласында,
Өр тұрған
Өмірдің сан таласында.
Жанарға сонша жылы көрінеді,
Жасыл үй —
Жасыл орман арасында.
Мен болдым Ульяновск қаласында,
Жайғасқан жайсаң Еділ жағасында.
Бұл да бір арман еді қашаннан да,
Бір болып қайтсам дейтін дәл осында.
Мен болдым Ульяновск қаласында,
Қаншама сыр, естісең
Қанасың ба...
Орыстың ұланғайыр даласында —
Ұқсайсың.
Бақыт қонған дара шыңға!
Ешкімнің қақысы жоқ таласуға!
Не дейін бұл қаланы әсем демей,
Шығыстың желі еседі
Бәсеңдемей.
Көрген түс пе деп қалам осының бәрі,
Айтқанда жалғыз сөзбен әсерлемей.
Мен болдым Ульяновск мекенінде,
Құлшынып жылдар тұрған
Жетегінде.
Еділдің ерке толқын,
Ескен желі,
Қия алмай,
Көп қарадым кетерімде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гиссар түні

  • 0
  • 0

Гиссар тұр түн жамылып,
Маңғазданып,
(Жиналмас күнде осынау маңға аз халық).
Күмбірлеп көне қорған күй төккендей,

Толық

Ақ боран

  • 0
  • 1

Гуілдейді ақ боран бұрқақтаған,
Әппақ, нәзік ұлпасын бүркеп маған.
Бара жатыр құйындар белдерді асып,
Торғын қарды үйіріп, ұнтақтаған.

Толық

Бас киім

  • 0
  • 0

Көкжиектен әрі аунап,
Күн де батып кеткен-ді.
Дала жүзі алаулап,
Ақырғы рет өпкен-ді.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер