Өлең, жыр, ақындар

Ақ Еділ

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1407
Ақ Еділ,
Асау Еділ,
Арындаған,
Ағыңнан бар ма кезең жарылмаған.
Арнаңнан тасқын аунап өтсін қанша,
Арусың, пәктігіңнен арылмаған.
Ақ Еділ,
Асау Еділ,
Арындаған,
Марқайып кетеді екен жанында адам.
Толқындар ширатылып,
Шырқап биік,
Тосқандай сұлулықтың бәрін маған.
Ақ Еділ,
Асау Еділ,
Арындаған,
Құлшынып тағдыр күшке жалынбаған.
Кемелденген кезеңде келіп тұрмын,
Жырға орап жүрегімді жалындаған.
Қарасам өткен күнге салғастырып,
Шайдай ашық жанымда
Қалмас күдік.
Кесілесің астасып аспанменен,
Көк толқынмен ойымды жалғастырып.
Сырғыған сұлу толқын,
Сырнай дала,
Оңашада ақын жан тұрды ойлана.
Сағынышым сияқты ағасың ғой,
Арнаңды басқа жаққа бұрмай ғана.
Сезім бар,
Серілік бар тасқында да,
Сый етіп талай сырды тостың жаңа...
Жалтармай жан-жағыңа
Жөңкілгенің,
Жадында сенің жалғыз —
Каспий ғана!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қосмола

  • 0
  • 0

Көргенде Бөгем таудың Қосмоласын,
Өткен өмір шежіресін жастанасың.
Әлде кімге
Сездіріп аяушылық,

Толық

Өзің едің

  • 0
  • 0

Өзің едің өмірдегі бір теңім,
Әр кеудеге түней бермес жыр тегін.
Көңіл дымқыл,
Күн көзіне құрғатып,

Толық

Тәжік сұлулары

  • 0
  • 0

Өнерін бір-бірінен асырардай,
Өнерге деген құштар бәсі бардай!
Сыртылдап сырлы саусақ,
Бұралса бел,

Толық

Қарап көріңіз