Өлең, жыр, ақындар

Бурлактар

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1159
(Репин суреттерінің әсерімен)

Таңданбаймын мен сенің паңдығыңа,
Төтеп келдің —
Тағдырдың сан қырына...
Енді оранып жатырсың
Таң нұрына,
Тербетіп жүректерді жан жырыңа!
Жарқын ғой
Жүзің сенің таңдарды өпкен,
Шарқ ұрып,
Шағалалар самғар көктен.
Толқыны өмірге әкеп
Ақ Еділдің,
Өзіңде не бір ғажап жандар да өткен.
Кетер емес,
Көкейден ырғақты әнің,
Таусар ма ақын,
Көргеннің жырлап бәрін.
Көз алдыңа тосады
Көк толқындар
Орыстың ойға батқан бурлактарын.
Дауыл да
Дала кезіп үдейді үстем,
Алысып,
Теңдесі жоқ дүлей күшпен.
Бурлактар келе жатыр
Кеме сүйреп,
Тағдыр да тап келе алмай
Жүдейді іштен...
Қалың сорға малтыққан
Қандай жандар,
Адамдар, асқақ қарап паңданбаңдар.
Көз түбінде үріккен армандар бар,
Дауыл жыртқан жүзіне таңданбаңдар.
Көңілінде жоқ олардың бүкпешілік,
Қайраты дүниеңді тік көшіріп.
Көрмейсің,
Қаһарлы теңізің де,
Жатқанын табанында бүктетіліп!..
Қандай дауа,
Мұнша ма темір жанға,
Жұлқысып барып ажал —
Жеңілді ол да.
Арқасында Ресей,
Ал бурлактар,
Тартып келе жатқандай
Өмірді алға!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәрігер

  • 0
  • 0

Түн ұзақ бей-жай көңілім,
Сарғаймай бұл таң атты ма.
Шырымын алмай көзінің,
Сазарған науқас жатты да.

Толық

Жанарыңнан таң күліп

  • 0
  • 0

Кетер сенің жүрегіңнен балқып таң,
Күлкің сенің айдын бетін шалқытқан.
Көңіліңнен анау ұлы тауларға,
Әппақ болып мәңгі-мәңгі қар жұққан.

Толық

Сырласу

  • 0
  • 0

Дауылды болды көктемдер,
Жауынды болды көктемдер.
Ақ талдар, мені сөкпеңдер,
Содан ба ерте ағардың.

Толық

Қарап көріңіз