Өлең, жыр, ақындар

Қара ормандар!

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1434
Қара ормандар, қағар тынбай кірпігін,
Мақамына мүлгігендей жыршының.
Қайда барсаң қарсы алатын нан-тұзбен,
Жаны қандай жайсаң еді жұртының.
Қалт жібермей, қимылыңды дір еткен,
Камаң қандай, қара орманнан сыр өпкен.
Асау толқын, ақын қиял жағада,
Сөзбен емес, ұғысамыз жүрекпен!
Ауыр күндер өтсе-дағы басыңнан.
Сен емессің тағдырыңа бас ұрған.
Ақ маржаны шашу болып шашылған,
Сильваң анау, еркелігін асырған!..
Қара ормандар, жапырағы жайқалған,
Самал ессе ырғатылған, шайқалған.
Салиқалы қариядан аумайсың,
Жүрегі жас, жанарына ой толған...
Жазы-қысы жібек шапан оранған,
Ықпайсыңдар, түтеген ақ бораннан.
Әсем сазды сан қайталап айтармын,
Ақиық ән дермін, ұшқан Уралдан.
Қара ормандар, қалың қолдай қаптаған,
Заман көші жаныштаған, таптаған...
Батыр демей, бүгін сені кім дейін —
Бар қасиетін қаз қалпында сақтаған!
Қара ормандар, күн нұрына жуынған,
Көруге бір құштар едім бұрыннан.
Ару — Урал арқасында өрілген
Аумайсың-ау, қолаң қара бұрымнан!
Бақытты ғой, перзенттерің туылған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көгілдір өлке, көк Дунай

  • 0
  • 0

Тарт, Шамша,
Өрге қарай аттың басын,
Көк Дунай бізді бүгін жатсынбасын.
Қайтайық желқайықпен желе жортып,

Толық

Лағыл жүзік

  • 0
  • 0

Алыстан баурап-тартып,
Бағындырып,
Сағымға оранады,
Сағындырып.

Толық

Таңбалы

  • 0
  • 0

Қарайтын кірпік ілмей таңға мынау,
Тұрсың ба аман-есен,
Таңбалым-ау!
Тасынан елік тайған,

Толық

Қарап көріңіз