Өлең, жыр, ақындар

Жолдар сыры

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1516
Қарт Кавказдың сапырылған бұлтындай,
Көңіл ойдан отыр енді тынбай...
Көзге таныс, көк шыңдардың қойнауы,
Қонып кеткен өр ақынның жұртындай.
Қарап келем үркек, ұшпа тастарға,
Қазір маған бір аңызын бастар ма?..
Жазылмаған өлеңдердің жолындай,
Жанарда бір тамбай кеткен жас бар ма?!.
Кавказ шыңы ұнатады батылды,
Қашан да ол өр тұтады ақынды.
Бұлақтары бұлқынады, бұрқанып,
Ақтарады жыр жолдарын ақырғы.
Бұл өңірде айтылмаған өлең көп,
Естірмін деп құлақ салам елеңдеп.
Ұлы Махмұд ойларындай жолдар да,
Жүрген сайын жалғасады тереңдеп...
Қабырға жол кете берер қияндап,
Қия жолмен мен келемін қиялдап.
Жолды жұтып бозғылт тұман әп-сәтте,
Көз алдыңнан өте шығар бұлаңдап.
Тау жолдары келер кейде үрейлі,
Жартастары жаңғырығып үдейді.
Құзарлары мекендеген қырандар,
Ауып кетсе сағыныштан жүдейді...
Құз қойнында бұлт бұлқынып, аунайды,
Қанша ма аңыз айтылатын тау жайлы...
Бұлт сейіліп, көк аспанның төсінде —
Ерке қыран, емін-еркін заулайды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таң атарда

  • 0
  • 0

Таң атарда шығыс жанып алаулар,
Алаулардан оралғандай аяулы ар.
Алатаудың шыңдарынан аспанға,
Желбіреген өрттей қызыл

Толық

Кездесулер

  • 0
  • 0

Кездесулер қандай қызық
өтсе-дағы талай жыл,
Есте жүрер ұмытылмас,
ұмыт болар қалай бұл.

Толық

Қимайды көңіл...

  • 0
  • 0

Біреуге ерте бұл ажал,
Біреуге кештеп келуде.
Білмесең де, өмірде
Қимайды көңіл өлімге...

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер