Өлең, жыр, ақындар

Қара шың

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1474
Бұлт үйіріліп, шоғырланған басына
Қара шыңның келіп тұрмын қасына.
Өн бойына ораныпты сұр тұман,
Тұрса керек, қараулығын жасыра.
Қара шыңға жараспаған серілік,
Көріне алмас, көзге көркем керіліп.
Жалынса да тәңіріне емініп,
Жасыл шындар тұрар одан шегініп...
Түсі суық, жартас қамап жан-жағын,
Жаралады әлдекімнің ақ жанын..?
Қаһарлы бұлт төбесінде шүйіліп,
Төндіреді найзағайлы қанжарын.
Халық қойған аты екен — Қара шың,
Адал жанның жасырып жан жарасын.
Екі бөліп тұрады ол қашан да
Зұлымдық пен махаббаттың арасын.
Ол жайында тау елінде аңыз көп,
Қайран жігіт, махаббаттан бақ іздеп —
Барған дейді осынау таудың басына,
Ойлаған ба, сүйген қызын жауыз деп...
Екеуінің жері осы уәделі,
Байдың қызы сөзі де, өзі әдемі...
Жігіт болса кедей ұлы, бірақ та,
Батыр екен қадірлеген бар елі.
Қиялында, көз алдында қыз — арман,
Арылмапты ер жігіттің жүзі ойдан.
Сөз байлапты қыз әкесі көнбесе —
"Екеуміз де құлаймыз деп құзардан..."
Үміт оты алаулапты, жаныпты,
Тәтті қиял құшағына алыпты.
Не айтса да кесіп айтар ер жігіт,
Қыз сөзіне иланыпты, наныпты...
Опасыз жар, мол байлыққа беріліп,
Жаны сатқын, күліп тұрған керіліп...
Ер жігітті шыдатқан ба ондайда
Махаббат пен серілік!..
Тұла бойда ашу-ыза өріліп,
Шын сүйген соң біржолата беріліп...
Айтқан серттен жігіт танбай
Құзардан құлағанда,
Қалыпты қыз шегініп...
Опасыз жер, ашындырып халықты,
Ел жиналып қарғыс айтып, налыпты.
Қиянатқа қыз ұялмай, алайда,
Қыз мекені Қара шың боп қалыпты...
Содан бері бұлт үйіріліп, налып тұр,
Содан бері айтады екен халық сыр.
Содан бері жігіт ұшқан жартасқа,
Өнген екен жарып гүл...
Таудың салты, бағалайды малшысын,
Бағалайды махаббатпен жан күшін.
Байлық үшін арын сатқан аруға,
Табиғат та үйіреді қамшысын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аппассионата

  • 0
  • 0

Құшағы толғандай бір лала гүлге,
Шалқыды даласымен бала бірге.
Бетховеннің құдіретті —
Сазды әуені

Толық

Жан еді ғой аяулы

  • 0
  • 0

Мынау бұлттар неге ғана төнеді,
О, табиғат, күрсінесің сен неге.
Аспан да әне, жасын іркіп төгеді,
Өксу бар ғой деміккен бұл желде де.

Толық

Ән еді ғой ұмытқан

  • 0
  • 0

Маңай жым-жырт кешкілік,
Бұлттар — кеме көктегі.
Жатты бір ән естіліп,
Қоңыр үйден шеттегі.

Толық

Қарап көріңіз